Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады

Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады
Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен тұрғыны өз келінін пышақтап тастады, деп хабарлайды Алтайньюс.

 Келін енесінен мұндай қадам күтпеген. Басында екеуі өткенді еске алып, емен-жарқын әңгімелесіп отырған, ойламаған жерден оқиға мүлдем басқаша аяқталған. Себебі сөз арасында марқұм болған жұбайын жамандаған келін енесінің ашуына тисе керек. Ақыр соңында ол өзінің қалай пышақ сілтегенін білмей де қалған. Біреудің аялап өсірген қызын бірнеше жерден жаралаған әйел төгілген қанды көргеннен кейін ғана есін жиып, жедел жәрдем  шақырған.

Аталған оқиғаны Өскемен қалалық №2 соты қарады. Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған. Ал келіні болса, енесін кешіріп отыр. Сот үкімі бойынша, айыпталушыға 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру және 300 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, 50 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Новости партнеров