Алматылық бойжеткенді 27 млн теңгеге алдап кеткен балгер ұсталды

17.01.2020 15:05

Қазіргі таңда Сәлима есімді балгер ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды

zen.yandex.com

Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі мегаполистің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жәбірленуші «балгерді» тақырыптық сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп «сиқыр әрекеттерін» жасауды сұраған.

«Ресейлік 40 жастағы әйел арбау арқылы, жәбірленушінің сеніміне кіріп 27 миллион теңгесін алып кеткен», – деп хабарлайды полиция департаменті. Қазіргі таңда Сәлима есімді балгер ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктінің үстінен ҚРҚК 190 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.