Солтүстік Қазақстанда ер адам найзағай түсіп қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден
31 жастағы жігіт бақташы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда ауылдың малын баққан екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Солтүстік Қазақстан облысында 31 жастағы ер адам найзағай түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамыр күні Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметкерлеріне осы аудандағы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасындағы алқаптан ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.
31 жастағы жігіт бақташы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда ауылдың малын баққан екен. Оған сол күні жай түскені белгілі болды. Салдарынан ер адамның мінген жылқысы да оқиға орнында жан тапсырды.
Осы дерекке қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43