Алматы облысында 31 жастағы капитан шеніндегі әскери парашютпен жоспарлы секіру кезінде оқу-жаттығу алаңында қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv
Бүгінде туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмей отыр. Ал, қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұған дейін ол шамамен 50 рет парашютпен секіріпті.
«Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және қарулы күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдайды», – деді ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Нүсіпов.