Жартылай жалаңаш киінген қыз жүріп бара жатқан көліктің төбесіне шықпақ болды

стоп кадр
стоп кадр
Көлік жүргізушісіне төрт бап бойынша хаттама толтырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда көлігінен жартылай жалаңаш қыз түскен жүргізушіге қатысты төрт бап бойынша хаттама толтырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік тізгінінде 25 жастағы А. есімді азамат болған.

"Бұл дерек мониторинг барысында анықталды. Жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынды. Нәтижесінде, біздің бөлімшенің қызметкерімен құқық бұзушыға қатысты 230-баптың 2-бөлігі (Сақтандырудың жоқтығы), 590-баптың 9-бөлігі (Техникалық байқаудың болмауы), 593-баптың 1-бөлігі (Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу), 599-баптың 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қозғалу) бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жүргізушімен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көліктен түскен қызға қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын хабарлаймын. Оған ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша айып тағылды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.


Новости партнеров