Бірқатар сараптама тағайындалып, автокөлік арнайы тұраққа қамалды
Павлодар облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
16 сәуір күні ВАЗ - 217030 автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Астана-Ерементау-Шідерті автожолында аударылып қалған.
ЖКО салдарынан 34 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды.
Бірқатар сараптама тағайындалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр.