|
21.02.2023 | 10:06
501

Павлодарда қазандықтағы жарылыстан екі адам күйіп қалды

Жарылыстан кейін қазандық ғимараты жартылай құлаған

Павлодарда қазандықтағы жарылыстан екі адам күйіп қалды Pavlodarnews.kz


Павлодардағы қазандықтың жарылуынан екі адам зардап шекті. Біреуі қазір жансақтау бөлімінде ем алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның денесін 45 пайыз күйік шалған. Дәрігерлер жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ал екінші адамның жарақаты жеңіл болып, үйіне жіберілген. 

Еске салайық, кеше кешкісін Павлодар облысындағы газ баллондарын сататын ғимаратта қазандық жарылған еді. Оқыс оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін қазір арнайы комиссия құрылған.

«Қазандық жұмысы газ арқылы жұмыс істейді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазандық ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған. Бұл факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі», – деді ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Андасов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир