Оқиға 20 маусымда сағат 16:30 шамасында болған
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында сегіз жасар ұл бала суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 20 маусымда сағат 16:30 шамасында болған. Ауданның теміржол көпіріне жақын бөлігіндегі Қараөзек каналындағы суға түсуге рұқсат етілмеген аумағында 2013 жылы дүниеге келген ұл бала суға батып кетті. Баланың қасында кәмелет жасына толмаған тағы 6 жасөспірім болған. Олар ересек адамдардың бақылауынсыз қалған.
«Қазір суға батып кеткен баланың денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 6 құтқарушы, 1 техника қатысуда»,– деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын 47 жастағы азаматтың денесі Сырдариядан табылған болатын.