Оралда 23 жастағы бойжеткен өз пәтерінде газға уланып өлмек болды
sputniknews.kz
Бойжеткеннің өз-өзін өлтірмек болғанын құрбысы хабарлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда газға уланып, өзін өлтірмек болған бойжеткенді құтқарушылар құтқарып қалды, деп жазады Мой город.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткеннің өз-өзін өлтірмек болғанын құрбысы хабарлаған.
«Оқиға орнына №3 бөлімшесінен құтқарушылар Нұрбек Тауашев, Бекжан Айтқалиев және Болатбек Сартаев барды. Пәтер іштен кілттеулі болған. Есікті бұзып кірген құтқарушылар газға уланып еденде құлап жатқан қызды көреді. Олар газды өшіріп, үйді иістен тазалаған. Сондай-ақ, сол уақытта басынан күйзелісті жағдайды өткізген қыздың құрбысына психологиялық көмек көрсетті», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ауруханаға жеткізілген бойжеткен жансақтау бөлімінде есін жиған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13