Алматы полициясы Алатау ауданындағы ең қауіпті жерлерді атады, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.
Аталмыш ауданында қылмыс жиі болатын 7 патруль бағдары бар.
№1 бағдар: Райымбек д. – Емцов – Петров көшелері – Алматы өзенінің жағасы.
№2 бағдар: Остроухов – Шадрин – Федченко – Водник көшелерінен тұратын квадрат. №3 бағдар: Емцов – Петров – Бартоғай – Рысқұлов көшелерінің квадраты.
№4 бағдар: Солтүстік айналма жол – ҮАК – Жапсарбаев – Жұмабаев көшелерінің аралығы және №78/1, 36 Б, 118/4, 92/7 үйлердің маңы;
№5 бағдар: М.Әуезов - Хасан Оралтай – Шаған көшелерінің аралығы, «Өжет» шағынауданы;
№6 бағдар: «Саялы» шағынауданы, №1, 15, 26, 157 үйлердің маңы;
№7 бағдар: Басар қобыз – Бенберин – Татулық – Заречная көшелерінің аралығы, «Көкқайнар» шағынауданы.
Тәуліктің «қауіпті» уақыттары да аталды.
Полицейлердің айтуынша 08.00-16.00 аралығында – 68 қылмыс;
16:00-00:00 аралығында – 86 қылмыс;
00:00-08:00 аралығында – 91 қылмыс болған.
Апта күндеріне шаққанда: дүйсенбіден жұмаға дейін - 59 қылмыс; сенбі-жексенбі күндері 45 қылмыс тіркелген.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірінші ауысымда, сағат таңғы сегізден 16:00-ге шейін - 40 қызметкер; екінші ауысымда, 16:00-00:00 аралығында - 128 қызметкер; 00:00-00:08 аралығында - 4 автоэкипаж жұмылдырылған.
Айта кетейік, бұған дейін полиция қызметкерлері Түрксіб ауданындағы қауіпті жерлерді атаған болатын.