Тараздағы жарылыс: қаза болғандар тізіміне енгізілген бойжеткен аман болып шықты

01.03.2019 15:08

Алған жарақаттар салдарынан мәйіттің түрін тану мүмкін болмаған

Tengrinews.kz

Тараздағы тұрғын үйде болған жарылыс кезінде қаза тапқандар тізіміне енгізілген 1987 жылы туылған Аида Төлегенованың аман екені анықталды. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде қаза болған 1987 жылғы Аида Төлегенова емес, 2001 жылы туылған Арапбек Айжан екені анықталған.

Мұндай жағдай алған жарақаттар салдарынан мәйіттің түрін тану мүмкін болмағандықтан орын алған. Қыздардың дене бітімдері ұқсас болуына байланысты туысқандары да мәйітті тануда қиналған.

Қазіргі уақытта Қылмыстың кодекстің 292-бабы 3-ші бөлімі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.