Түркияның Мармарис курортында жер сілкінді

29.06.2020 в 15:08

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 20:43-те тіркелген

Түркияның оңтүстік-батысында орналасқан Мугла провинциясында магнитудасы 5,2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 20:43-те тіркелген. Зілзала ошағы Мармарис уезінде орналасқан. Оның тереңдігі – 61,44 шақырым.