|
15.11.2019 | 10:09
4300

Алматы дәмханасында төбелес: ер адамның басынан темір көсеумен ұрған

Төбелес кезінде қарсы тарап көсеу мен бөтелке пайдаланған

Алматы дәмханасында төбелес: ер адамның басынан темір көсеумен ұрған

Алматыда 25 жастағы жаппай төбелеске қатысқан адам ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ол өзінің қарсыласын өлімші етіп сабап тастаған. Жәбірленуші 26 жастағы Еркебұлан Әшірқұловтың миына зақым келгендіктен, ауыр ота жасатуға тура келіпті. Дәрігерлердің айтуынша, ер азаматтың қайта қалпына келуі 2 жылға дейін созылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Мейрамханаға келген 28 жастағы Еркебұлан Әшірқұлов күтпеген жерден ауруханаға бір-ақ түсті. Оның туыстары көрсеткен видеожазбада дәмхананың ішінде ойда жоқта текетірес басталғаны байқалады. Артынша текетірес, жағажыртысқа алып келген. Төбелес кезінде қарсы тарап көсеу мен әйнек бөтелке пайдаланған көрінді. Нәтижесінде Еркебұланның миы зақымданып, ал оның жанында болған бауырлары жарақаттаныпты.

«Бірер уақыт төбелесіп, біз дәмханадан шығып кеткенбіз. Олар болса, артымыздан бөтелке лақтырып, артымыздан қуа жөнелді. Біреуі кәуапхана маңында тұрған темір көсеуді алып алған», - деді Еркебұланның туысы.

Айтуларынша, кінәлілердің барлығы толық ұсталмапты.

«Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 1994 жылғы ер азамат ұсталды. Аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде», - деді Алматы қаласының ПД қызметкерлері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

төбелес
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир