Бұған қар мен мұздың көптеп жиналуы себеп болған
Шымкенттегі үшқабатты тұрғын үйде балкон құлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 31 қаңтарда түстен кейін Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында болған.
Алдын ала болжам бойынша, бұған қар мен мұздың көптеп жиналуы себеп болған. Үйінділер үйдің алдындағы алаңға құлап, құлаған кезде екінші қабаттағы желдеткішке және бірінші қабаттағы ғимараттың күнқағарына зақым келтірген. Төменде адамдар болмаған, зардап шеккендер жоқ.