Жоғалып кеткен «Қызылорда аруы» Тараздан табылды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Оның жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда іздеу жарияланған «Қазақстан аруы – 2019» байқауының финалисті аман-есен табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жоғалған бойжеткен табылды.
«Белгілі болғанындай, ару осыдан бір күн бұрын ешкімді ескертпестен Тараз қаласына кетіп қалған. Ол байланысқа шықты. Аман-есен», – деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, оның жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. Кеше кешкісін Алатау аудандық полиция басқармасына жоғалып кеткен қыздың құрбысынан арыз түсті.
Айта кетейік, Гүлнұр Нұртаза «Қызылорда аруы-2017» байқауының жеңімпазы.
Қазіргі уақытта Алматыда жұмыс істейді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41