59 жастағы ер адам мас болған
Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал атыспен аяқталды. 59 жасар ер адам мас күйде әйелі мен басқа некеден туған баласына оқ атқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Салдарынан әйел адам оқиға орнында қаза тауып, 5 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Қалалық Полиция департаментінің өкілдеріне оқ атқаны туралы хабар 20 қазанда сағат 22:19-да түскен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.