Шымкентте үш бала көліктің жүксалғышында тұншығып қалды
Рixabay
Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, ал үшінші бала бүгін реанимацияда көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте үш бала көліктің жұксалғышында тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға 19 мамырда болған, деп хабарлады полиция департаменті.
"Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 пультіне үш жас баланың автокөліктің жүксалғышында тұншыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шықты. Анықталғандай ата-анасы болмаған балалар жүксалғышқа көтеріліп, есікті жауып алған содан кейін қайта шыға алмай тұншығып қалған", - делінген хабарламада.
Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, ал үшінші бала 21 мамарда реанимацияда көз жұмды.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.
Дереккөз: sputnik.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16