Алматының Жетісу ауданында Серіков көшесі 2а оңтүстігінде ҮАК бойымен өтетін жылу трассасы учаскесінің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Алдын ала мәліметтер бойынша штаттан тыс жағдай 2011 жылы дәнекерленген тораптағы ақаудан туындаған.
Диаметрі 1000 мм болатын жарылған құбырды «Алматы жылу желілері» ЖШС апаттық бригадасы шұғыл түрде ауыстырып жатыр.
Тұтынушыларға жылу және ыстық су төмендетілген параметрмен беріліп отыр. Аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаған кезде (су, бу, т.б. шығарындылар) өз бетінше әрекет жасамай, төменде көрсетілген нөмірге қоңырау шалу арқылы хабарлауға кеңес береміз:
+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы),
+7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.
«Алматы жылу желілері» ЖШС
Оқи отырыңыз: Жолдағы қауіпсіздік: ШААЖ бойында енді жүргіншілер тротуары болады