Үш адам жарақат алған
Маңғыстау облысындағы Боранқұл кен орнында отқа оранған жатақханада 2 адам қайтыс болып, тағы 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы, ғимарат ішінде 10 адам болған. Ал, жатақхана 50 орынды. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысының айтуынша, өрттің шығу себептері анықталып жатыр. «ҚазМұнайГаз» Ұлтттық компаниясында оперативтік штаб құрылған.
«Жалпы сағат 07:22 минутта толықтай өрт сөндірілді. Жалпы қазіргі таңда өрттің себептері анықталуда. Лаборатория шығып кетті... Өрт орнында екі адам қаза болды, жұмысшылар. Біреуі 1976 жылғы, біреуі 1963 жылғы туылған азамат. Өрттің шығуына электр құрылғыларының қысқаша тұйықталуы себеп», – деді Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұқанов.
Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша бүгін шамамен сағат таңғы 04.55-те болған.