Лифтіге күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан
Петропавлда лифт тросы үзіліп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"4 қарашада Петропавлдың Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, 8-қабаттың биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті", - делінген хабарламада.
Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.