Қызылорда облысында фабрикадан өрт шығып, 4 мың бөдене қырылып қалды

Almaty.tv
Almaty.tv

Оқиға 28 ақпанда таңғы сағат 04:30 шамасында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында құс фабрикасынан өрт шығып, 4 мыңға жуық бөдене қырылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv . 

28 ақпанда Қызылорда облысына қарасты Бесарық ауылында құс фабрикасы отқа оранды. Салдарынан шаруашылықтағы 4 мың бөдене жанып кетті. Оқыс оқиға облыс орталығынан 20 шақырым жердегі елдімекенде болған.

Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын бір қабатты ғимараттың шатырынан тұтанып, өрт сөндірушілер жетем дегенше құс фабрикасын тұтас қызыл жалын шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, аталған фабрика жыл басында ғана жұмысын бастаған. 80 мың бөдене ұстауға арналған фермада жылына 1500 тонна құс етін өндіру жоспарланды. Оның 40 мыңы - ет бағытында, қалғаны - жұмыртқа санатында болуы тиіс еді.

-Оқиға орнына жедел жеткен уақытта аумағы 288 шаршы метр құс фабрикасы жанып жатқаны анықталды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ, - деді қалалық №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Нұрхан Медеуов.

Оқи отырыңыз: Алматыда такси жүргізушілерінен қарызға ақша алып, қайтармай жүрген алаяқ ұсталды

Новости партнеров