Қарағанды қаласында таныстарын баспаналы болуымен құттықтап келген қонақтардың арасында жанжал шығып, 27 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды ortalyq.kz.
Қонаққа келген екі ер адамның арасында келіспеушілік туындап, жігіттердің бірі қарсыласына пышақ сұғып алған. Жарақат алған азамат дереу жергілікті ауруханаға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған. Полицейлер күдіктіні оқиға орнында ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.