Тау жыныстарының эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде орналасқан
Алматы маңында жер сілкінісі болды. Республикалық сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 9:18-де жер дүмпуін тіркеген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тау жыныстарының эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың мәлімдеуінше, жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3 көрсеткішіне тең. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі 5 шақырым.