Қостанайда 20 жастағы қыз бала жол апатынан қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанайда №11 бағытта жүретін жолаушылар автобусы қаланың 20 жастағы тұрғынын қағып кетті, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz порталы alau.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 22 қаңтарда шамамен 13:00-де Алтынсарин көшесінің бойында «Сулпак» дүкеніне жақын маңда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз баланы жаяу жүргіншілерге арналған жолда қағып кеткен. Ол түрлі дене жарақатын алған. Ауыр халде қызды жансақтау бөліміне жеткізген.
Кейінірек науқастың қайтыс болғаны белгілі болды. «Ол жол апатынан кейін ауыр халде түсті. Біз қажетті көмектің барлығын көрсеттік. Өкінішке орай, аман алып қала алмадық. Ол қайтыс болды», - деді Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53
20 қыркүйекке арналған валюта бағамы
20.09.2026 09:17