Бортта 115 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ
Атырау – Нұр-Сұлтан рейсі кезінде биіктікке көтеріліп келе жатқан ұшаққа бір топ ірі құс соқтығысты, қаз немесе үйрек болуы мүмкін, деп хабарлады SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Әуе кемесінің командирі Иван Карпович ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қайта қонды, тұраққа өзі жетті», – делінген хабарламада.
Рейстің ұшу уақыты - 22:05, қону уақыты - 22:17.
Бортта 115 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Рейс тоқтатылды, кейбір жолаушыларға басқа күнге билет берілді, кейбірінің ақшасы толықтай қайтарылды