«Екеуі жабылып ұрған»: 51 жастағы әйелді өлтірген қызға сот үкімі шықты

«Екеуі жабылып ұрған»: 51 жастағы әйелді өлтірген қызға сот үкімі шықты
Оқиға орын алған уақытта жеткіншек қыздардың бірі небары 13 жаста болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда 51 жастағы әйелді ұрып өлтірген оқушы қызға сот үкімі шықты. Жас қылмыскер кәмелетке толмағандарға арналған түрмеге 6 жылға қамалды. Ал оның жанындағы қыз бала жауапқа тартылмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орын алған уақытта жеткіншек қыздардың кішісінің жасы небәрі 13 жаста болған. Білім беру бөліміндегілердің айтуынша, қыздар мектептегі тәртіптерінің нашарлығынан  тіркеуге алынған.

Арты өліммен аяқталған жағдай Қостанай қаласындағы Строительная көшесінде орналасқан үйлердің ауласында болған. Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 51 жастағы әйел қатты мас болған. Ол жолда кетіп бара жатқан екі оқушы қыздың соңынан еріп, өзі тиісе бастаған. Мас әйел қыздарға адасып қалғандығын айтып, үйіне алып баруды талап еткен. Ал бойжеткендер оның айтқанынан бас тартқан, сол кезде ол аузына келгенін айтып, боқтай бастапты.

Тергеушілердің нұсқасы бойынша қыздар әйелді жабылып соққының астына алған. Екі жеткіншек те кәмелет жасына толып үлгермеген. Жасы кіші қызға қатысты іс тоқтатылыпты, себебі оқиға кезінде ол 14 жасқа да толмаған екен. Сот алқасы оның құрбысына ғана үкім шығарған.

«Қызды 6 жылға кәмелетке толмаған балаларға арналған қауіпсіздігі орташа абақтыға қамау туралы шешім қабылданды. Бұған қоса қыздың ата-анасына айыппұл салынатын болады», - деді мамандырылған ауданаралық кәмелетке толмаған балалар ісі бойынша соттың судьясы Манарбек Үрімбаев.

Алғашында жәбірленуші тараптағы көз жұмған әйелдің ұлы материалдық шығын ретінде 2,5 миллион теңге талап еткен. Алайда оның анасымен бірге тұрмағандығы анықталып, ақша сомасы қысқартылған.

Ал әйелді ұрып тастаған құрбылар жақсы тәртібімен көзге түспеген. Көршілердің айтуынша, 17 жастағы бойжеткен аулада ацетон мен бояу иіскейтін көрінеді. Сонымен қатар, ол кик-боксингпен айналысқан, содан болуы керек, оның әйелді ұрып тастауға қауқары жеткен.

Сотталған қыздың анасы қызы үшін жаза арқалағысы келмейтінін жеткізіпті. Ол үйде қызды тәрбиелеуге күші жетпейдігін айтқан. Соған қарамастан оған 80 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Новости партнеров