Бұл туралы Семей полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады
Жексенбі күні кешкісін Семейдегі жерасты өткелдерінің бірінде "елес" кейпіне енген 22 жастағы қыз қала тұрғындарын шошытты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Семей полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Осы факті бойынша полицейлер қоғамдық орында тұрғындарды шошытқан қызды анықтады.
Сот шешімімен қыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл салынды.
Оқи отырыңыз: Алматы және Алматы облысының әкімі қандай мәселені талқылады