Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан екінші оқушы мерт болды

05.04.2021 в 15:15

14 наурыз оқушының бірі есін жимастан көз жұмды

Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан екінші оқушы 4 cәуір күні көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайды Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растады. 

Естеріңізге сала кетейік , 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста. 14 наурыз оқушының бірі есін жимастан көз жұмды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды.