Орал қаласында кафеде жарылыс болды

instagram/batysqaz_tjd
instagram/batysqaz_tjd
Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орал қаласында кафеде жарылыс болып, соңы өртке ұласты, деп хабарлайды Almaty.tv.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 02:07-де Сырым Датұлы көшесі 52 мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Оқиға орнына сағат 02:17-де жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты RIZYQ дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын хабарлады. Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

«Тілсіз жау сағат 02:40-та сөндірілді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жеке құрамнан 39 адам, 13 техника, жедел жәрдем бригадасы (18 адам, 6 техника) Полиция департаменті (28 адам, 7 техника) қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі уақытта БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаны БҚО әкімдігі де растап, оқиға орнына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің арнайы барғанын, зардап шеккендер бар екендігін жеткізді.

Новости партнеров