Павлодар облысында өрт сөндіру машинасы аударылып қалды

17.09.2022 15:16

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр

instagram/sharbaqtyaqparat

Павлодар облысы орманында өртсөндіру көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, арнайы көлік жүргізушісі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат Шарбақты ауданы әкімдігінің Instagram-парақшасында жарияланды.

"Бауыртал орман шаруашылығында өртсөндіру көлігі ағашқа соқтығысты. Оқиға орнында 1985 жылы туған адам қаза тапты, ал 62 жастағы жүргізушінің жағдайы ауыр", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен өртсөндіру көлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.