Үлкен Алматы айналма жолында көліктер соқтығысып, екі адам мерт болды

19.06.2023 15:16

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр

стоп кадр

Үлкен Алматы айналма жолында автокөліктер соқтығысып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«18 маусым сағат 10:00 шамасында KIA автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі «Алматы-Көкпек-Көктал» автожолының 21-шақырымында жүріп келе жатып, рульді басқара алмай, Үлкен Алматы айналма жолына апаратын жолға шыққан. Осыдан кейін ол 1972 жылғы жаяу жүргіншіні қағып, «ЗиЛ» суармалы жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жаяу жүргінші, сондай-ақ KIA автокөлігінің жолаушысы 1981 жылғы азамат оқиға орнында қайтыс болды. Сонымен қатар, жүргізуші де көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған автокөліктің тағы бір жолаушысы дене жарақатымен Алматы қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

Дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Талғар ауданы поициясында тіркелді.

Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған сараптама және тергеу жүріп жатыр.