Алматы облысында 2 жасар бала шұңқырға құлап кетті

31.08.2022 15:17

Қайғылы оқиға 28 тамыз кешкі уақытта болған

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Талғар ауданында 2020 жылғы сәби септикке құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 28 тамыз кешкі уақытта болған. Баланың анасының айтуынша, бүлдіршін мысықтың соңынан қуамын деп беті темірмен жабылған септикке түсіп кеткен.

"Темір металл баланың салмағына шыдамай майысып, бүлдіршін құдыққа құлап кетті. Анасы баланы дереу шығарып алып, жедел жәрдем шақырған", - деп мәлімдеді Талғар аудандық полициясы.