Екібастұзда сегіз жастағы қыз аккумулятор қышқылын ішіп қойған
pavlodarnews.kz
Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Екібастұзда сегіз жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойған. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам зардап шекті.
«12 тамыз күні сағат 09.40-та Екібастұз қаласының ауруханасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала жатқызылды. Ол өз үйінде абайсызда аккумулятор қышқылын ішкен», – деді баспасөз қызметінде.
Сол күні сағат 09.10-да Екібастұз қаласындағы пәтерде 41 жастағы тұрғын абайсызда аммиак қышқылын ішкен. Ер адам ауруханаға жатқызылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51