Үйде үш және алты жасар екі бала қараусыз қалған
Орал қаласында терезеден құлаған екі кішкентай бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 19 тамыз күні сағат 17:11-де Жүнісов көшесінде орналасқан көпқабатты үйде болған.
«Үйде үш және алты жасар екі бала қараусыз қалған. Екеуі де бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Кішкентай балаларды ауруханаға жеткізген. Қазіргі кезде екеуінің жағдайы орташа ауыр. Олар бастан жарақат алған. Миы шайқалған. Басқа да жарақаттары бар.