Шымкентте дәмханадан ер адамның денесі табылды

05.12.2019 15:17

Қаза болған ер адамның жасы 40-тар шамасында екені белгілі болды

otyrar.kz

Шымкентте Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханадан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Отырар.

Белгілі болғандай, дәмхананың қожайыны қазіргі уақытта Шымкентте жоқ. Мекеменің өзі көптен бері жұмыс істемейді. Жазда жөндеуден өткізгенмен, ашып үлгермеген.

Жанында орналасқан дүкен иесінің айтуынша, ғимаратты нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар мекен етіп алған.

Айта кетейік, қаза болған ер адамның жасы 40-тар шамасында екені белгілі болды. Оны біреулер қасақана пышақтап өлтіруі мүмкін. Себебі, дәмхана ауласынан қан іздері бар пышақ табылған.