2 адам көз жұмды: БҚО-да қайғылы жағдай болды
ПД
Оқиға Бөрлі-Ақсай-Жымпиты күре жолында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан тағы екі адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, оқиға 7 шілде күні Бөрлі ауданы аумағында болды.
«Сағат 18:20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты күре жолының 10-шақырымында 1983 жылғы жүргізуші «ВАЗ-21114» автокөлігімен келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Содан 1981 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-21120» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Ақсай қаласындағы орталық аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.
Бұл – бір күнде болған екінші қайғылы оқиға.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37