Қостанай облысында отшашу салдарынан мәдениет үйі өртенді (видео)
Өрт ауыл күні мерекесін тойлау кезінде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысының Қарабалық ауылында отшашу салдарынан мәдениет үйі өртенді. Оқиғаның суреттері Айна басылымының "ВКонтакте" желісіндегі паблигінде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өрт 12 қазанда Қарабалық ауданының орталығында ауыл күні мерекесін тойлау кезінде болған. Өрт салдарын жоюға өрт сөндіруші мамандары жұмылдырылған. Әзірге нақты бір мәлімет жоқ.
Ауыл тұрғындары осы оқиғаны әлеуметтік желіде қызу талқылап, таяуда ғана жөндеуден өткен ғимарат зардап шеккенін айтып, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін жазып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
29.09.2026 09:58
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
28.09.2026 09:42
28 қыркүйекке арналған валюта бағамы
28.09.2026 08:45
ІІМ: ҰҚТ мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды
28.09.2026 08:20