Байқоңырда жоғалған балалардың екіншісі әлі іздестіріліп жатыр

22.02.2021 20:40

8 жастағы Нұрәлі Оразбаевты іздеу жұмыстары үшінші күні жалғасуда

www.meteocenter.net

Байқоңырда жоғалған балалардың екіншісі әлі іздестіріліп жатыр. Кеше құтқарушылар жеті жасар Ерхан Анастың денесін Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы мұз жиегінен тапқан еді. Мәйітті Ресейдің құқық қорғау органдары тікұшақпен бақылау жүріп байқап қалған. Оқушының денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері анықталмаған. Ал, сот-медициналық сараптама нәтижесінде жеткіншектің өзен суына батып кеткені айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ресей Федерациясының тікұшағы көтеріліп, 12 сағат 00 шамасында сол Сырдария өзенінің бетінде бір мәйіттің қалқып жүргені жөнінде хабарлама түсіп, жедел құтқару жасағының құтқарушылары 12 сағат 20 минутта мәйітті Ресей Федерациясының қызметкерлеріне әкеліп өткізді», – деді Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Айта кетейік, 20 ақпанда 7 жастағы байқоңырлық екі бала жоғалып кеткен еді. Олар  «Маяк» спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін сыртқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Әлі табылмаған екінші баланы ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Сондай-ақ іздеу операциясына кинологтар, сүңгуірлер, психологтар мен еріктілер жұмылдырылған.

«Оқиға орнына төтенже жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағынан 7 қызметкер, бір бөлек автокөлік, бір қайық және бір кинолог қызметі оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына 700 метрге дейін су асты іздестіру жұмыстары жүргізілді сүңгуірлермен», – деді Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.