Алматы облысында қамауда отырғандар бақылаушыны соққыға жықты

06.03.2019 20:18

Олар әлдекімдер лақтырған тыйым салынған заттарды алмақшы болған

Тengrinews.kz

Заречный түрмесінде төбелес болып, қылмыскерлер колония бақылаушысын соққыға жықты. Бұл туралы Ішкі Істер Министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады, деп жазады Almaty.tv тілшісі.

Оқиға ЛА 155-те 14 түзету мекемесінде болған. Түрмеге белгісіз адамдар тыйым салынған заттар тастап кетіпті. Оны жасаққа арналған жерден шығып кеткен үш сотталушы ішке кіргізуге тырысыпты. Мұны байқаған кезекші тексеруші қылмыскерлерге ескерту жасайды. Бірақ сотталушылар бақылаушыны соққыға жығып, күмәнді заттарды тыйым салынған аймаққа кіргізуге талпынады. Дене жарақатын алған түрме қызметкері қазір ем алуда. Ал арнайы жасақ сотталушыларды ұстап, оларды тәртіп изоляторына қамады. Олардың үстінен мекеме қызметкеріне күш көрсеткендігі үшін тағы да қылмыстық іс қозғалды. Қазір мекемеде тексеру жүргізіліп жатыр.