Тұрғындар тыстағы қоқыстардың жанып жатқаны жайлы өрт сөндіру қызметіне хабарласқан
Өскеменде өртеніп кеткен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.
Өскеменде 19 желтоқсан сағат 15:36 шамасында Добролюбов көшесінен өрт шықты. Тұрғындар өрт сөндіру қызметіне даладағы қоқыстардың жанып жатқаны жайлы айтқан. Құтқарушылар жалынды ауыздықтап жатқанда, ер адамның мәйітін тапқан.
Мамандар өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған дейді.