Жолда тұрған көлік жүргізушісі қайтыс болды

12.02.2024 15:20

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

Kazinform

Қызылорда облысында автокөлік Самара-Шымкент тасжолының бойында тұрған автокөлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елдімекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тасжолының бойында болған.

Toyota Alphard маркалы автокөлігі жол бойында тұрған Mercedes benz маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes benz жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Оқи отырыңыз: Павлодарда кісі өлтіріп 13 жыл бойы қашып жүрген қылмыскер ұсталды