Жүргізушіcі жоқ автобус: Шымкентте көлік 6 адамды қағып кетті

polisia.kz
polisia.kz
Оқиғаны анықтаушылар мен криминалистер анықтап
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәуірдің 8 күні кешкі сағат 18:30 шамасында “Метро“ сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізуші басқаруынсыз автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада жатыр.

Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ПД-нің жедел-тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.

Қазір оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.

Жүргізуші УҰИ-на қамалды.

Новости партнеров