Оқиға наурыздың 30 күні, сағат 14:49-да болған
Наурыздың 30 күні, сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.