Месут Мырзақұлов анасына тапсырылды, ол ұлын әрі қарай да мұқият қадағалап отыруға уәде берді
Алматы қалалық полиция Департаменті 9 жасар Месут Мырзақұловты іздеудің егжей-тегжейін хабарлады.
«Баланың бұрын көрші тұрған досына қонаққа барғандығы анықталды. Месут досының атасы мен әжесіне анасының рұқсатымен келгендігін айтты, содан кейін бала түнеуді өтінді. Кеш батқандықтан, Месут досының үйінде қалды. Осы жерден бала табылды. Бақытымызға орай, ол аман-сау. Баланың іс-әрекетін балалық еркелікке балауымызға болады, дегенмен біз оның жоғалып кетуіне қатты алаңдадық. Іздестіру топтары мен кинологтар баланы түні бойы іздеді. Таңертең еріктілер мен мұғалімдерді қостық. Өз кезегімізде біз, баланы табуға көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігермен - бұл оқиға бақытты аяқталды», – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.