ШҚО-да қатты желден колледждің шатыры ұшып кетті

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Алтай қаласында қатты желдің екпіні секундына 17 метрге жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында қатты жел колледждің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 мамырда сағат 23.40-та Алтай қаласында қатты желдің екпіні секундына 17 метрге жеткен. Соның салдарынан Курчатов көшесіндегі төртқабатты Техникалық колледждің шатыры ұшып кетті. 

«Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеуде», – деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Осыған дейін ТЖД халыққа дауылдық ескерту туралы алдын ала хабарлаған болатын. 

«Казгидромет» РМК ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында 20 мамырда күндіз тәулік бойы жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.


Новости партнеров