Қарағандыда жергілікті тұрғын көшеден нәрестенің мәйітін тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 сәуірде Қарағандының Киров полиция бөліміне қаланың 26 жастағы тұрғынынан хабарлама түсті. Ер адам гаражға іргелес аумақты тазартып жатқанда баланың мәйітін тапқанын айтты.
Tengrinews.kz мәліметінше, оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, жаңа туған ұл баланың мәйіті пакетте жатқанын көрді. Нәрестенің денесінде жарақаттар болмағаны хабарланды.
Полицейлер жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен сауалнама жүргізіп, сәбидің анасын табу бойынша жедел-іздестіру шараларын бастады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды.