Рельстегі өлім: Жамбыл облысында жолаушылар пойызы жұмысшыларды қағып кетті

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Оқиға рельстерді қардан тазалау кезінде орын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жазатайым оқиға кеше кешке Шу аумағындағы Бел стансасында орын алған. Аталған станцияға жақындаған «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызы рельстерден қар тазалап жатқан екі ер адамды қаққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Олардың екеуі де алған жарақаты салдарынан оқиға орнында мерт болды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған.

«Қазір болған жайттың анық-қанығын айта алмаймыз. Себебі тергеу жүргізіліп жатыр. Нақты айтарым, 13 желтоқсан, яғни кеше қайғылы жағдай орын алды. Бел-Аңырақай өткелінде біздің екі жұмысшыны, атап айтсақ, электромеханик пен электромонтаждаушыны №23 жолаушылар пойызы қағып кетті. Төтенше жағдайдың неліктен болғанын айта алмаймыз. Мәселені жіті тергеу үшін арнайы комиссия құрылды», - деді «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ департаментінің директоры Алексей АБДРАХМАНОВ.

Новости партнеров