Қыздың мұндай қадамға баруына жігітімен сөзге келіп қалғаны себеп болған
Алматы облысындағы қайғылы жағдай кеше болған. Талғар ауданы әкімдігі өзен өткелінен секіріп кеткен бойжеткеннің жанында жігіті болған дейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал мектеп директорының берген мінездемесінде жасөспірімнің отбасындағы жалғыз қыз, оқу үлгерімі орташа, сабақтан себепсіз қалмайтыны айтылған. Алматы облыстық полиция департаменті кеше сағат 17:45-те 2003 жылы туған қыздың өз-өзіне қол жұмсау фактісі тіркелгендігін хабарлады. Бұл іске қатысты тергеу ісі қолға алынды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.