Оқиға туралы құтқарушыларға бірге демалыста болған достары хабарлаған
Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«30 шілдеде, сағат 17:30-да Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауында 2000 жылы туған жас жігіт тыйым салынған жерде суға түсу кезінде батып кетті. Оқиға туралы құтқарушыларға бірге демалыста болған достары хабарлаған. Құтқарушы-сүңгуірлер суға батқан адамның денесін жағадан 8 метр қашықтықта, 3,5-4 метр тереңдіктен тапты. Бұл жерде су қоймасының түбі бір келкі емес, тереңдікте күрт төмендейді. Жанында болған куәгерге ӘҚБК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жаза белгіленді», - делінген хабарламада.
Ұлытау облысының ТЖ департаменті шомылу кезеңінде қайғылы жағдайға жол бермеу үшін судағы ережелерді сақтауды ескертеді.