Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Түркияның ақпарат көздерінде Қазақстаннан келген 9 жастағы баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама тараған еді. Ондағы ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы Анталия провинциясындағы Алания ауданының Қарғыджақ ауылында болған. Көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен. Оқиға орнына бірден жеткен медициналық бригада баланы мемлекеттік ауруханаға жеткізген. Алайда жас бала аман қалмапты. Жол-көлік оқиғасынан кейін баланы жандермерия ұстап, болған оқиғаға қатысты тергеу басталған. Куәгерлердің айтуынша, бала отбасымен келе жатып, жолдан өтіп үлгермеген. ҚР Сыртқы істер министрлігі оқыс оқиғаның болғанын растады.
«Көз жұмған баланың ата-анасы консулдыққа хабарласқан жоқ. Біздің мәліметтер бойынша олар ұлын Түркия аумағына жерлеген», – деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадрияров.